Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жақсылықбаева Римма Серікәліқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бакалавриатын (1996), магистратурасын (1998), аспирантурасын (2000) үздік аяқтады. 2002 жылдан күні бүгінге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында оқытушы (2002-2003 жж.); аға оқытушы (2003-2008 жж.); доцент (2008-2015 жж.); 2016 жылдан профессор міндетін атқарушы қызметтерін атқарып келеді. 2002 жылдың 27 наурызында «Шерхан Мұртаза – публицист, редактор» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын филология ғылымдарының докторы, профессор Жақып Бауыржан Өміржанұлының ғылыми жетекшілігімен сәтті қорғады. Римма Жақсылықбаева – «Шерхан Мұртаза – публицист, редактор» (2003), «Публицистің шығармашылық шеберханасы» (2009), «Публицистің шығармашылық шеберханасы» (екінші басылым, 2011), «Журналист этикасы» (2013), «Журналистің мәтін жазу машығы» (2018) оқу құралдарының, 100-ден астам ғылыми зерттеу мақаланың авторы. Шетелдік ғылыми басылымдарда бірнеше Скопус, Хирша мақалалары жарық көрді. Сондай-ақ, А.Асқаровтың «Тағдыр» (Алматы, Елнұр. 2007) кітабына жауапты редактор; А.Асқаров «Өнегелі өмір». (Алматы: Қазақ университеті. 2017. Ш.116) кітабының редакциялық жұмыс тобы мүшесі; Үмбетбай Уайдин «Журналист әдебі: инабат- иірімдері және баспасөз» оқу құралының (Алматы, Қазақ университеті. 2021) құрастырушысы болды. Журналистика факультетінің студенттеріне, магистранттарына, PhD докторанттарына «Қазақ журналистикасының тарихы», «Медиаэтика», «Публицистің шығармашылық шеберханасы», «Дәстүрлі БАҚ-ты дамытудың стратегиясы», «Қазақстанның медиа жүйесі», «Журналистикадағы ғылым тақырыбын зерттеудің жаңа әдістері», «Дата сауаттылық және строителлинг» т.с.с пәндерінен дәріс оқып, бітіру жұмысына, магистрлік диссертацияға ғылыми жетекшілік, PhD докторанттарға ғылыми кеңесшілік етіп келеді. Ол 2002 жылдан 2008 жылға дейін К14.А01.19 Диссертациялық кеңесінің техникалық хатшысы; 2005-2008 жылдары журналистиканың саяси коммуникация саласы бойынша философия докторы (PhD) диссертациялық кеңесінің Ғалым хатшысы; 2009 жылдың сәуірінен – 2011 жылдың тамызына дейін деканнның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РУМС) «Журналистика және ақпарат» жұмыс секциясының мүшесі болды. Факультеттің «Журналист» оқу тәжірибелік газетінің жетекші редакторы, Шерхан Мұртаза аты


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1998

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
27.03.2002

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
26.02.2011
Қызығушылығы